М.Қашғари атындағы жалпы орта мектебі 9 – 10 сынып оқушылары тарапынан дайындалған «Біз жеңіс ұрпақтарымыз» атты конференция Іс-шараның мақсаты: Ел тәуелсіздігінің қадір – қәсиетін , маңыздылығын кеңінен таныту. Тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға , бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйретіп , тәуелсіз Отанын шексіз сүюге, ынтымақ бірлігі жараса шалқыған елдің көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге үйрету , ұлтжандылыққа баулу , отансүйгіштік рұхта тәрбиелеу . 1-жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан алтын күн Жанымызды жарылқайтын жарқын күн Аталдың сен барлық әлем тілінде Атыменен қазақ деген халқыңның Қазақстан, елім менің берекем Татулыққа тұтқа болған жан мекен Жер жаһанға шашу болып шашылсын Арайланған Тәуелсіз елім менің Армысыздар құрметті ұстаздар , оқушылар. Бүгінгі '«Біз жеңіс ұрпақтарымыз» " атты мерекелік кездесуге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміз еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен,білектің күшімен, еліміздің ерең ісімен келген .Биылғы 2015 жылы тарихи оқиғаларға бай жыл жыл болып отыр яғни Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы болған Қазақ хандығына 550 жыл, Ұлы Жеңіске 70 жыл, ҚР Конституциясына 20 жыл , Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отыр. Сол себепті еліміз тарихына бір назар тастауды жөн деп таптық. Бүгінгі кшімізді ҚР ның мемлекеттік әнұранымен бастайық Мектеп психологі Ф.Хамидова келген қонақтармен психологик тренинг өткізеді 2-жүргізуші: 1465-шы жылы Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын білесіз. Ұлтты әлсіретудің, ел бірлігіне сызат түсірудің  сан түрлі айласы бар.  Біздің тарихта  болған талай зоралаң шапқыншылық та,  азап та, аштық та  соның бір ғана жұрнағы. Мұндайда танымы терең   ұлт қана  ұтылмайды. Мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. 1-жүргізуші: Қазақстанның тәуелсіздігі  деген өте  қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің парызымыз. Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама. Ал бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Міне, шарықтайтын кез – осы! Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген біздің құрметіміз Назарларыңызға Дилафруз Парпиеваның орындауында Ән: «Ізін көрем» (видеолавха) 2-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем шуақ - 9 май күні. Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, Кездейсоқ па көктемге сай келуі. 1-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы 9 май күні, Алмастырған қуанышқа қайғыны. 2-жүргізуші: Назарларыңызға 9 «В» сынып оқушыларының орыдауында хор «Свяшенная война» 1-жүргізуші: Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. – дей келе кезекті 9 «В» сынып оқушыларының орындауында хор «Катюша» 2-жүргізуші: УВУ га бизнинг Қарноқ қишлоғидан хам уз хонадонларининг суянган тоғи булган 629 та мард йигитлари иштирок этиб , улардан 410 таси кукси орден ва медалларга тулиб , ғалаба билан она юртларига қайтишди .Атаб айтадиган булсак Салиев Эргаш бобо, Айметов Шоммат бобо, Мирзалиев Қодир бобо каби қахрамонлар «Қизил юлдуз » ордени билан тақдирланган. Москвани химоя қилишда батальон командири Б.Момышұлы билан бир сафда 316 Панфилов дивизиясида разведчик булиб хизмат қилган Бабашов Абдураим бобо каби хамқишлоқларимиз билан фахрланамиз. 1-жүргізуші: Даврамизнинг тури сизга мунтазир Биз учун азиз булган кекса фахрийлар Фарзандлар қалбининг эъзозидасиз Мардлик майдонида ахли мумтозлар дея дарамиз турига УВУ да иштирок этиб, Буюк Ғалабага уз хиссаларини қушган , биз еш авлодниг фахри булган Улуғ инсонлар билан уқувчиларнинг учрашувларини хавола этамиз. (Видеолавха)(УВУ иштирокчиларининг портретлари кутариб утилади) Махкамбаева Арофат: Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар, Жүздеріңде жанған от жарқылы бар. «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің, Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. Жасқанбаған жауынан жарақты ер, Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ, Жүздеріңе сендердің қарап білер. Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар, Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар. Арамызда жүретін алшаң басып, Майдангерлер азайып барасыңдар. Өлең: «Жангчи васияти» Хайруллаева Дилмира: Ғалаба кунни нишонлаш учун Хадемай гул очиб бахор келади Сизни курганидан булади мамнун Хар йил қутлаш учун такрор келади Бахтиер дамларни қилиб каромат Эслар узи утган имтихонларни Еру биродарлар севмайди фақат Бахор хам севади қахрамонларни Табиат кузидан уйқуни қувиб Мардларни мадх этиб оламни кезар Ғубор булиб етган ғамларни ювиб Мехрни яроқлар , гулларга езар Бизлар мухаббатни покиза сақлаб Садоқат бурчини баланд билганмиз Жонимизни , Ватан тузини оқлаб Унинг эрки учун фидо қилганмиз Мана шу орзудай зангори осмон Мана шу куч туплаб етган замонлар Сизларга қолсин деб, булганмиз қурбон Унутиб юборманг бизни болалар Шеър: «Сизга таъзим» Нуритдинова Насиба: Элимизда тинчилик булсин деб, Халқимизнинг кунгли тулсин деб, Уз бошини улимга тиккан, Рейхстагга байроқни тиккан, Сизга таъзим азиз жангчилар. Хатто жонин фидолар қилиб, Бор сабрини адолар қилиб, Жанггохларда қонларин кечган, Ватанимиз тақдирин ечган Сизга таъзим азиз жангчилар. Ватан учун кукраги қалқон, Узга юртда булиб саргардон, Фашистларни яксон этишган Асл мақсадларига етишган. Сизга таъзим азиз жангчилар. Өлең: Бабаханова Чарос Мы народ доблестный дитя чести На пути к свободе жертвовали всем Из тисков испытаний судьбы из адских огней Вышли победителями, мы уцелели… Мы много пережили Пусть прошлое послужит уроками Верим мы в светлое,прекрасное будущее. Все самое святое:честь, достоинство родная речь Традиция ,мужество и державность Мы передаем,как наказ , будущему поколению. Хор: «День победы» (Қарноқдаги парад видеолавхаси) 2-жүргізуші: Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті. 70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы, 70 жыл - шуақты күн таратты әнін. 70 рет - көктемде сонан бері, Ашылды Жеңіс күннің парақтары. 1-жүргізуші: ҚРК-ның кiрiспесiнде Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзі қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»- деп айтқанына да 20 жыл болды. 2-жүргізуші: Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым, Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым. Ата Заңым – шариғатым, шарттарым, Бағдар шамым, бойға қуат ұраным дей келе назарларыңызға видеокөрініс ұсынамыз (Н.Назарбаевнинг сузи ) Хор : «Сарбаздар сазы» 1-жүргізуші: Сонау Керей мен Жәнібек іргесін құрған қазақ елінің алған беттерінен бастап, бүгінгі бейбіт заман тынысына дейінгі аралықтарға сахара саясатының салмағы қай елдің ішкі саясатынан да бір мысқал кем емес. Осы сөзімізге дәлел ретінде тарих бетінен өз орнын ойып алған «Шыңғыс ханның үш жасағын», «Қасым ханның қысқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысын», Баһадүр Абылай ханның атақты қос тізгіндік саясатын алға тартуымызға болады. Бұл ел басқару үлгілері «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген кредоны ұстанған біздің еркіндік сүйгіш халқымыз үшін дала демократиясының басты символы іспеттес. Бүгінгі таңдағы Елбасымыздың ұстанып отырған сындарлы саясаты мен осы игі іске бағыт сілтеп отырған Ата заңымыз - осы жоғарыдағы атап өткен жәдігерлеріміздің заңды жалғасы. 2-жүргізуші: Конституцияда тілдер мен этностарға қатысты барлық нормалар нақты көрсетілген. Бұл – біздің артықшылығымыз, біздің көпұлтты тұрақты мемлекеттігіміз. . Егер бір адам жәбір көрсе, онда бүкіл Қазақстан жапа шегеді. Бір философтан «бақытты адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Бақытты адамдардың арасында өмір сүретін адам бақытты», деп жауап беріпті, тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген құрметті сақтау – біздің халқымыздың негізгі қағидаты. 1-жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік пен достық салтанат құрғанда ғана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді. «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. Өлең: « Ата заң» Анарбаева Умида Азат елдің ар-намысы - Ата Заң! Еліне арналатын тілегі шын, Ей, ұлым – Отанымның түлегісің! Іргесін туған елдің тіреп тұрған Қадірін Ата Заңның білемісің?! Ешкім де мін таға алмас елдігіме! Дауласып жармаспайды белдігіме. Бойында Ата Заңның өріліп тұр Даламның кеңдігі де, теңдігі де! Бағынған өз заңына жұмыр ғалам, Сондықтан Күннен Жерім суынбаған. Қоғамның сан саласын реттейтін Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. Бастайтын болашаққа бақ кемені, Осы жол халықтың да нақ сенері! «Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға Елбасы қолын қойып Ант береді. 2-жүргізуші: Қадірлі қауым!Қасиетті қазақ жерін тату­лық­тың тал бесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген , ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезе­ңін­де бірлігіміздің бастауы болсын деп құрылған Қа­зақстан халқы Ассам­блеясына биыл 20 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл - бейбітшілік мәдениеті мен келісімнің іргетасы. Ассамблея - бұл барлық азаматтардың қалауы ескерілетін жалпыхалықтық сипаттағы инновациялық модель. Біздің жас демократиямыздың сәтті құралы деген болатын» 1-жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Зобаланда көп шеккен қасіретті, Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. Риза көңілменен елге деген, Арнайды барша халқы ақ тілекті. 2-жүргізуші: Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың татулықта орын тепкен қасиетті мекені. Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген атаумен аталуын былайша айтып өткен болатын. «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!» Халық даналығында «Тар жерде табысқан кең жерде келіседі» деген сөз бар. Қазақ жері 130дан астам этносты біріктірді. Бірлік пен тірлікті арқау еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде Біріккен ұлттар ұйымы танитын бедел мен биіктікке көтерілді..Біз елбасы бағдарлап берген «Қазақстан-2050» стратегиясын бетке ұстап күшеюіміз, өсіп-өркендеуіміз, баршамызға баянды өмір силаған Қазақст анымызды қуатты мемлекетке айналдыруға атсалысуымыз керек. 1-жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге, Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады, Бейбітшілік деген сөз барлық тілде, - дей отыры «Достық» биімен биші қыздар тобын ортамызға шақырамыз 2-жүргізуші: Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оның негізі қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті. 1-жүргізуші: Қанша ұлт болсын, Қанша салт болсын, Ынтымағы жарасқан Мәдениетті ел болсын,- дей келе Алиева Турсунойдың орындауында «Қазақстан таңы» әні орындалады.(видеолавха) 2-жүргізуші Алаулап атар таңдар да, Еселей түсер арман да. Ақ моншақ күлкі шашады, Қуаныш күні болғанда.  1-жүргізуші: Құшақтар толсын гүлдерге, Ақ шуақ шашсын түндер де. Аспаны ашық әлемнің Бақытын жазсын күндерге. Ел - жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!- дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Баршаңызға Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құтты болсын дейміз